Рухани: Иран халқы – әлеуетті
Иран Президенті бейсенбі күні Иранның оңтүстігіндегі Керман облысының Сирджан қаласында бірнеше өндіріс және кен жобаларын іске қосу рәсімінде Иран халқының әлеуетіне тоқталып: «Ирандықтар кез келген жұмысты орындай алады.
Иран бұрын Еуропаға тек мұнай экспорттайтын, алайда қазір бидай мен болат та экспорттайды»,- деді. Иран Президенті қазіргі таңда Иранның үмітінің мол екендігін қуаттап: «Иран валюта мен алтын қоры тұрғысынан әлемнің 155 елінен жоғары»,- деп мәлімдеді.
Рухани Иранның беделінің артуына тоқталып, Иранның дамып жатқанын тілге тиек етті. Иран Президенті сонымен бірге Иран халқының қасиетті қорғаныс соғысы кезіндегі табандылығына назар аудартып: «Ислам революциясы мен қасиетті қорғаныс аймақ пен әлемнің таңғалдырарлық оқиғалары болды»,- деді. Ол Ирандағы қауіпсіздікке тоқталып: «Қауіпсіздік – Алланың Иран халқына сыйлаған үлкен нығметі»,- деп баса айтты.
Иран Президенті бейсенбі күні бірнеше өндірістік жобаны іске қосу үшін Керман облысының Сирджан қаласына сапармен келген болатын.