Шафеи: Жібек жолы Иранның аймақ елдерімен экономикалық байланысын арттырады
Иранның Сауда-өнеркәсіп және кен палатасының басшысы Жібек жолын заманауи түрде жандандырудың Иранның ұлттық мүдделеріне кепіл бола алатынын мәлімдеді.
Mehr хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Иранның Сауда-өнеркәсіп және кен палатасының басшысы Ғоламхосейн Шафеи бүгін сенбі күні Теһранда өткен Азиялық партиялардың халықаралық конференциясының тұрақты комитетінің 29-шы отырысында Жібек жолы жобасын жүзеге асыру ісінің Иранның аймақ елдерімен экономикалық байланысын арттыратынын айтып: «Қалалық жоспарлау мен мәдени байланыстар және экономикалық бағдарлама құру осы жобаның арқасында өркендей түседі. Жібек жолы жобасын жүзеге асырудағы мақсат көне Жібек жолы жаңа ғасырда жаңа серпін мен жаңа тіршілікке ие болуы үшін экономика саласында жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруды көздейді» деді.