VIII Азия чемпионатында Қазақстан командасы бірінші, Иран командасы екінші орын алды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34521-viii_Азия_чемпионатында_Қазақстан_командасы_бірінші_Иран_командасы_екінші_орын_алды
Теһранда өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі VIII Азия чемпионатында Қазақстан командасы бірінші, Иран командасы екінші орын алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 04, 2018 13:48 Asia/Almaty
  • VIII Азия чемпионатында Қазақстан  командасы бірінші, Иран командасы екінші орын алды

Теһранда өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі VIII Азия чемпионатында Қазақстан командасы бірінші, Иран командасы екінші орын алды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Теһранда өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі VIII Азия чемпионаты үш күнге созылып, сенбі күні кешке аяқталды.

Жарыстың осы кезеңінде Иран спортшылары 60 метр, 1500 метр, 3000 метрге жүгіру, диск лақтыру және бессайыс бойынша 6 алтын алды.

Сондай-ақ, Иран командасы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі VIII Азия чемпионатында 9 күміс пен 10 қола медальға қол жеткізді.  

Азия чемпионатының осы кезеңінде Қазақстан командасы 7 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль алып, жүлдегер атанды. Катар командасы 4 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль алып, үшінші орынға тұрақтады.

Теһранда өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі VIII Азия чемпионатына 22 елден келген 360 спортшы қатысты.