Иран – әлемдегі есірткі заттарымен күрестің көшбасшысы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34549-Иран_әлемдегі_есірткі_заттарымен_күрестің_көшбасшысы
Иран Есірткі заттарымен күрес штабы басшысының Сұранысты төмендету және халықтық қатысу деңгейін арттыру ісі жөніндегі орынбасары және осы ұйымның баспасөз хатшысы: "БҰҰ-ның ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес, әлемдегі есірткі заттары контрабандасын анықтау істерінің 75 пайыздан астамы ИИР тарапынан жүзеге асырылған",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 05, 2018 11:43 Asia/Almaty
  • Иран – әлемдегі есірткі заттарымен күрестің көшбасшысы

Иран Есірткі заттарымен күрес штабы басшысының Сұранысты төмендету және халықтық қатысу деңгейін арттыру ісі жөніндегі орынбасары және осы ұйымның баспасөз хатшысы: "БҰҰ-ның ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес, әлемдегі есірткі заттары контрабандасын анықтау істерінің 75 пайыздан астамы ИИР тарапынан жүзеге асырылған",- деді.

Иран Есірткі заттарымен күрес штабы басшысының сұранысты төмендету және халықтық қатысу деңгейін арттыру ісі жөніндегі орынбасары әрі осы ұйымның баспасөз хатшысы Парвиз Афшар: "БҰҰ-ның ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес, әлемдегі есірткі заттары контрабандасын анықтау істерінің 75 пайыздан астамы ИИР тарапынан жүзеге асырылған",- деді.

Иран Есірткі заттарымен күрес штабы басшысының Сұранысты төмендету және халықтың қатысу  деңгейін арттыру ісі жөніндегі орынбасары және осы ұйымның баспасөз хатшысы Парвиз Афшар жексенбі күні Иран Телерадио бірлестігі әлемдік қызмет торабының тілшісіне берген сұхбатында БҰҰ-ның ресми статистикалық мәліметтеріне сәйкес, әлемдегі есірткі заттары контрабандасын анықтау істерінің  75 пайыздан астамы ИИР тарапынан жүзеге асырылғанын баяндап: "Бұл жетістік үшін өткен бірнеше онжылдық ішінде қаза болған шамамен 4000 шәһид пен 14000 ардагерге қарыздармыз. Бұл іс көптеген елдердің біздің осы салада көш бастап келе жатқанымызды мойындауына себеп болды.

БҰҰ-ның ресми баяндамасына сәйкес, өткен жылы Ауғанстандағы есірткі өндірісінің көлемі шамамен 4000 тонна болған. Ал милади жыл санағы бойынша келесі жылы кейбір батыс елдерінің, әсіресе АҚШ-тың осы елді бақылауға алу туралы уәждеріне қарамастан, бұл көрсеткіш 9000 тоннадан асады. Сондықтан, Иран халықаралық қауымдастықтың көмегінсіз-ақ Ауғанстанмен арадағы ортақ шекарасын толығымен бақылап, тексеріп отырады",- деді.