Әлемдегі ғылым өндірісі бойынша Иран он алтыншы орында
Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрі ИИР-ның әлемдегі ғылым өндірісі бойынша он алтыншы орында екенін айтты.
Мансұр Ғолами жексенбі күні кешке Иранның бірінші арнасының ақпарат бөліміне берген сұхбатында ИИР-ның әлемдегі ғылыми даму жылдамдығы бойынша екінші орында, ғылыми мақалалар жариялау бойынша да жақсы орынға ие екенін айтып: "Иранның бірқатар университеті әлемдік деңгейде 500-1000 орындарға ие болып отыр",- деді.
Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрі университеттердің өнеркәсіппен байланысы жайлы: "Университеттер өнеркәсіп деңгейін арттырып, өндірісте пайдалану үшін өздерінің ғылыми-зерттеу жетістіктерін өнеркәсіп саласына ұсынуы тиіс",- деді.
Ғолами Иранның ғылыми-зерттеу саласындағы жетістіктерінің басым бөлігінің өндіріс саласына ұсынылғанын, осы байланыс нығаюы үшін өнеркәсіп саласының да академиялық орталықтарға қарай әрекет ететіндігіне үміттенетінін мәлімдеді.