Әлемдегі ғылым өндірісі бойынша Иран он алтыншы орында
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34555-Әлемдегі_ғылым_өндірісі_бойынша_Иран_он_алтыншы_орында
Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрі ИИР-ның әлемдегі ғылым өндірісі бойынша он алтыншы орында екенін айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 05, 2018 12:06 Asia/Almaty
  • Әлемдегі ғылым өндірісі бойынша Иран он алтыншы орында

Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрі ИИР-ның әлемдегі ғылым өндірісі бойынша он алтыншы орында екенін айтты.

Мансұр Ғолами жексенбі күні кешке Иранның бірінші арнасының ақпарат бөліміне берген сұхбатында ИИР-ның әлемдегі ғылыми даму жылдамдығы бойынша екінші орында, ғылыми мақалалар жариялау бойынша да жақсы орынға ие екенін айтып: "Иранның бірқатар университеті әлемдік деңгейде 500-1000 орындарға ие болып отыр",- деді.

Иранның Ғылым, зерттеулер және технология министрі университеттердің өнеркәсіппен байланысы жайлы: "Университеттер өнеркәсіп деңгейін арттырып, өндірісте пайдалану үшін өздерінің ғылыми-зерттеу жетістіктерін өнеркәсіп саласына ұсынуы тиіс",- деді.

Ғолами Иранның ғылыми-зерттеу саласындағы жетістіктерінің басым бөлігінің өндіріс саласына ұсынылғанын, осы байланыс нығаюы үшін өнеркәсіп саласының да академиялық орталықтарға қарай әрекет ететіндігіне үміттенетінін мәлімдеді.