Теһранда Дүниежүзілік көрмелер индустриясы одағының аймақтық кеңсесі ашылды
Ақп 07, 2018 07:08 Asia/Almaty
Теһранда Дүниежүзілік көрмелер индустриясы одағының аймақтық кеңсесі ашылды.
Дүниежүзілік көрмелер индустриясы одағы (UFI) – әртүрлі елдердің көрме өткізу индустриясын сауда айналымы, өнеркәсіптің дамуы, жұмыспен қамту деңгейі, туризмді дамытуға тигізген әсері, дамыған технологияларды таратуы және елдердің экономикалық негіздерін нығайтуы тұрғысынан зерттеп, рейтингтен орын беретін халықаралық ұйым. Бұл ұйымның әлемнің 4 аймағында 4 орталығы бар: Тынық мұхиты кеңсесі Гонконгта, Африка және Таяу Шығыс кеңсесі Дубайда, Америка құрлығы кеңсесі Мехикода, Еуропа кеңсесі Парижде орналасқан.