Иран сирек кездесетін элементтерді өңдеу тұрғысынан Таяу Шығыс бойынша бірінші орында
Иранның пайдалы қазбаларын зерттеу орталығының басшысы Ғоламреза Моллатахери сирек кездесетін элементтерді өңдеуді зерттеу тұрғысынан Иранның Таяу Шығыс бойынша бірінші орында тұрғанын хабарлап:
"Бұл орталық сирек кездесетін пайдалы қазбаларды өңдеу үшін жаңа құрал-жабдықтарды ойлап табуды немесе құрастыруды көздеп отыр. Шығындарды үнемдеумен қоса, құрал-жабдықтар тапшылығын оларды жобалау, жасау және орнату арқылы шешуді мақсат тұтады. Иран қазіргі таңда сирек кездесетін элементтерді өндіру бөлімінде де қажетті техникалық білімге қол жеткізіп, оны жергіліктендірді. Бұл салада болашақта құнды нәтижелер болады деп болжануда",-деді.
ИИР-да пайдалы қазбалардың 68 түрі бар. Бұрын жүргізілген зерттеулер негізінде шамамен 60 млрд тонна барланған минералды қоры бар. Мұның 40 млрд тоннасы нақты анықталған қор, қалғаны болжамды.