Теһранда Иранның көлік жасау өнеркәсібінің бесінші халықаралық форумы басталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34771-Теһранда_Иранның_көлік_жасау_өнеркәсібінің_бесінші_халықаралық_форумы_басталды
Иранның көлік жасау өнеркәсібінің бесінші халықаралық форумы сейсенбі күні Теһранда 220 шетелдік қонақтың қатысуымен басталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 13, 2018 16:40 Asia/Almaty
  • Теһранда Иранның көлік жасау өнеркәсібінің бесінші халықаралық форумы басталды

Иранның көлік жасау өнеркәсібінің бесінші халықаралық форумы сейсенбі күні Теһранда 220 шетелдік қонақтың қатысуымен басталды.

Көлік жасау өнеркәсібіне қажет шикізаттар, бөлшектер мен логистика саласында бәсекелестікті қамтамасыз ету тақырыбындағы екі күндік форумға Германия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Тайвань, Үндістан, Ресей, Түркия, Ирак, Түркіменстан мен Италиядан келген қонақтармен қоса, Иранда көлік жасау өнеркәсібінде жұмыс істейтін 1560 белсенді мен маман қатысты.