Иран бірнеше елмен 10 меморандум мен валюталық келісімге қол қойды
Иранның Орталық банкінің экспорт бөлімінің басшысы Иран мен бірнеше елдің арасында 10 меморандум мен валюталық келісімге қол қойылғаны туралы хабарлады.
Самад Карими Теһрандағы экспортты қаржымен қамтамасыз ету конференциясында: "Иранның Орталық банкі әртүрлі халықаралық банктік құралдарды, соның ішінде Finance және Refinance жүйелерін пайдаланып, үш мемлекетпен валюталық келісімге қол қойды. Иран мен Түркияның Орталық банктері арасындағы қол қойылған келісім бойынша Иранның валютасы риал Түркия импортерларының ықтиярына тапсырылып, олар бұл ақшаны ирандық тауарлар мен басқа қызметтерін төлеу үшін пайдаланады. Түркияның лирасы ирандық инвесторларға беріліп, олар бұл ақшаны түркиялық тауарлар мен басқа қызметтерін сатып алуға қолданады. Бұл келісім үш жылға бекітілді",- деді.
Иранның Орталық банкінің экспорт бөлімінің басшысы Пәкістанмен валюталық келісімі туралы: "Бұл келісім бойынша есеп еуромен үш айда жүргізіледі. Яғни, Иранның импорты мен экспортының мөлшері үш ай сайын есептеледі",- деді.