Салами: Америка мен Израиль басшылары сайқымазақтарға айналды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i34937-Салами_Америка_мен_Израиль_басшылары_сайқымазақтарға_айналды
Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары сионистік режим премьер-министрінің Мюнхеньдегі қауіпсіздік саммитіндегі әшкере қойылымына көрсеткен реакцияда: «Америка мен Израиль режимінің басшылары сайқымазақтарға айналды» деді.  
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Ақп 19, 2018 18:13 Asia/Almaty
  • Салами: Америка мен Израиль басшылары сайқымазақтарға айналды

Ислам революциясының Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары сионистік режим премьер-министрінің Мюнхеньдегі қауіпсіздік саммитіндегі әшкере қойылымына көрсеткен реакцияда: «Америка мен Израиль режимінің басшылары сайқымазақтарға айналды» деді.  

«Тасним» агенттігінің мәліметі бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусы бас қолбасшысының орынбасары бригада генералы Хосейн Салами дүйсенбі күні айтқан сөзінде: «Америка мен Израиль басшыларының қойылымдық әрекеттері олардың орындарының теңселгенін, ислам революциясымен бетпе-бет келгенде жағдайларының шиеленісе түскенін көрсетеді. Израильдіктер басып алынған жерлердің әуе кеңістігіне енген ұшқышсыз басқарылатын ұшақты ирандық деген уәж айтуда, бірақ бұл уәждің дұрыс-бұрыстығын айтпағанда, бұл қарсыласу майданының алғашқы немесе ақырғы ұшағы емес. Осы ұшақты қағып түсіруде израильдік қырғи ұшақ құлатылды» деді.  

Бригада генералы америкалықтардың "Йеменнің зымырандары Иранға тиесілі" деген сөздеріне сілтеме жасап: «Олар өздері көрсеткен зымыранның қаңқасын Иранға тиесілі деген уәж айтуда. Иран оны кесімді түрде теріске шығарады. Бірақ, сауал мынада: Арабстанның ықтиярындағы зымыранға қарсы ТААД және «Патриот» кешендері оны неліктен қағып түсіре алмады?» деді.