Резаи: Израиль сәл ақымақтық жасаса, Иран Тель-Авивті жермен-жексен етеді
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхудың жалған қоқан-лоққыларына білдірген реакцияда: «Израиль сәл ақымақтық жасаса, Иран Тель-Авивті жермен-жексен етеді» деп қуаттады.
Сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяху жексенбі күні Мюнхеньдегі қауіпсіздік конференциясында трибунаның астынан кішкентай темірдің сынығын шығарып, оны ақпанның оны күні елінің әуе кеңістігіне енген ирандық ұшқышсыз басқарылатын ұшақтың сынығы деген уәж айтты.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы ливандық Al Manar арнасына берген сұхбатта: «Нетаньяхудың БҰҰ мен Мюнхеньдегі спектакльдері мен көзбояушылықтарының балалардың көңілін аулайтындай да құны жоқ. Америка мен Израиль басшылары Иранды танымайды, қарсыласу майданының құдіретін түсінбейді. Сол себепті дайым жеңіліспен бетпе-бет келеді" деді.
Резаи сионистік режимнің F-16 қырғи ұшағының Сирияның әуе қорғаныс күштері тарапынан құлатылғанына сілтеме жасап: «Бұл әрекет Сирия армиясының толығымен күшейгенін, қарсыласу майданының ілгерілеп, Израиль режимінің әлсіреп, кері шегініп жатқанын көрсетті» деді.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Арабстан СІМ Адел әл-Джубейрдің Иран туралы сөздеріне қатысты қойылған сұраққа: «Адел әл-Джубейр алдымен Арабстанның ішкі жағдайын ретке келтіріп, Йемен мен Катар және Бахрейндегі масқарашылықтарын шешіп алсын» деді.