Иранда жүрек және гепатит С ауруларын емдеуге арналған екі дәрі шығарылды
Нау 05, 2018 05:38 Asia/Almaty
Ирандық мамандардың талпынысымен жүрек пен гепатит С ауруларының алдын алу мен оларды емдеуге қажет екі дәрі шығарылды.
Жүрек ауруларының алдын алып, оны емдеуге арналған "Рolypill" мен гепатит С ауруының алдын алып, оны емдеуге арналған SOVODAK дәрісі Теһранның Медициналық университетінің ас қорыту жүйесі мен бауырға зерттеу жүргізу орталығының талпыныстарымен жасалды. Бұл екі дәрінің тұсаукесер рәсімі Иранның Денсаулық министрі Хасан Қазизаде Хашемидің қатысуымен өтті.
Тегтер