Иран Телерадио бірлестігінің басшысы дұшпандардың Иранға қарсы ақпарат құралдарын қалыптастырып жатқанын мәлімдеді
ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы жұма күні дұшпандардың жылдамдықпен исламдық Иранға қарсы жаңа ақпарат құралдарын қалыптастырып жатқанын мәлімдеді.
IRNA-ның мәліметі бойынша, Абдулали Әли Аскари Иран Телерадио бірлестігінің Иранның солтүстігіндегі Гилян облысындағы орталығының 207 жобасын іске қосу рәсімінде әлемдегі БАҚ жағдайының қалыпты еместігін баяндап: "Дұшпандар Иранға қарсы мәдени басқыншылық пен қарсыласуға кірісті.
ИИР-ның қасиетті жүйесіне қарсы зиян келтіретін ақпарат құралдарының саны 200-ден асты",- деді.
ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы сионистердің интернет кеңістігіндегі әрекеттері мен олардың Иран жастары үшін ұсынып отырған бағдарламаларына сілтеме жасап, интернет кеңістігінің бақылауға алынуы қажеттігін қуаттады.