Иран Телерадио бірлестігінің басшысы дұшпандардың Иранға қарсы ақпарат құралдарын қалыптастырып жатқанын мәлімдеді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i35417-Иран_Телерадио_бірлестігінің_басшысы_дұшпандардың_Иранға_қарсы_ақпарат_құралдарын_қалыптастырып_жатқанын_мәлімдеді
ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы жұма күні дұшпандардың жылдамдықпен исламдық Иранға қарсы жаңа ақпарат құралдарын қалыптастырып жатқанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 10, 2018 10:38 Asia/Almaty
  • Иран Телерадио бірлестігінің басшысы дұшпандардың Иранға қарсы ақпарат құралдарын қалыптастырып жатқанын мәлімдеді

ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы жұма күні дұшпандардың жылдамдықпен исламдық Иранға қарсы жаңа ақпарат құралдарын қалыптастырып жатқанын мәлімдеді.

IRNA-ның мәліметі бойынша, Абдулали Әли Аскари Иран Телерадио бірлестігінің Иранның солтүстігіндегі Гилян облысындағы орталығының 207 жобасын іске қосу рәсімінде әлемдегі БАҚ жағдайының қалыпты еместігін баяндап: "Дұшпандар Иранға қарсы мәдени басқыншылық пен қарсыласуға кірісті.

ИИР-ның қасиетті жүйесіне қарсы зиян келтіретін ақпарат құралдарының саны 200-ден асты",- деді.

ИИР Телерадио бірлестігінің басшысы сионистердің интернет кеңістігіндегі әрекеттері мен олардың Иран жастары үшін ұсынып отырған бағдарламаларына сілтеме жасап, интернет кеңістігінің бақылауға алынуы қажеттігін қуаттады.