Хатам ул-Әнбия штабының қолбасшысы: Сионистердің Иранмен қарсыласуға шамасы жетпейді
Нау 12, 2018 05:12 Asia/Almaty
Хатам ул-Әнбия штабының қолбасшысы: "Сионистік режим Иранның күш-қуаты мен бұл елмен қарсыласуға шамасы жетпейтінін жақсы түсінді",- деді.
Хатам ул-Әнбия штабының қолбасшысы Ғоламали Рашид Иранның аймақтағы жағдайы мен бұл елдің жетістіктерін бағалау туралы өткен отырыста: "ИИР аймақтағы ДАИШ лаңкестерін жеңіп, Сирия мен Иракта тұрақтылық орнтауымен бірге әскери қоқан-лоққыларға қарсы күшін арттырды. Қазіргі таңда Иранның аймақтағы күш-құдыретінің артуы Ислам республикасына қарсы шешім қабылдауды қиындатты. АҚШ-тың өзі де сионистік режимнің дағдарыстар мен әскери қақтығыстар тудыратын саясаттарының салдарынан пайда болатын батпаққа кіргісі келмейді",- деді.
Тегтер