Иранда уақыт бір сағатқа алға жылжытылды
Иранда уақыт ресми түрде бір сағатқа алға жылжытылды.
Хижри шамси күнтізбесі бойынша, 1386 жылы Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісі бекіткен "Иранның ресми сағатын өзгерту" заңына сәйкес жыл сайын фарвардин айының бірі күні (21 наурызда) елдің ресми уақыты бір сағатқа алға жылжытылып, 22 қыркүйекте бұрынғы орнына оралады.
Иран географиялық орташа ендікте орналасқандықтан жыл бойындағы тәуліктің ұзақтығының өзгерісі көңіл аударарлықтай. Сол себепті, күннің жарығын көбірек пайдаланып, электр қуатын үнемдеу үшін ресми уақыт бір сағатқа алға жылжытылады.