Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы саудиялық басшылардың әрекеттеріне өкініш білдірді
(last modified Sun, 08 Apr 2018 08:27:57 GMT )
Сәу 08, 2018 14:27 Asia/Almaty
  • Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы саудиялық басшылардың әрекеттеріне өкініш білдірді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы саудиялық басшылардың аймақтық мәселелерге қатысты жуырдағы шараларына өкініш білдірді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Мәжілістің жексенбі күнгі ашық жиналысында: «Саудиялықтардың АҚШ-тың жетекшілігі және қолдауымен лаңкестік және тәкфирлік ағымдарды қалыптастырып, мыңдаған адамды қанға бөктіргенін ашық жариялауы аймақ пен әлем елдерінің барлығы үшін ескерту болып табылады. Бұл өткен жылдары дін мен гуманизм жамылғысына оранған сөздердің астарында қандай сұрқия әрекеттердің атқарылғанын көрсетеді.

Сауд басшыларының осы елдің мұсылман халқына тиесілі байлықтың айтарлықтай бөлігін АҚШ-тың делдал басшыларына бергені өкінішті. Америкалықтар бұған алғыс айтудың орнына «Егер АҚШ Парсы шығанағы елдерін қолдамаса, олар екі аптаның ішінде жойылады» деп мәлімдеп отыр»,-деді.

Лариджани соңғы күндері Палестинада орын алған оқиғаларға тоқталып: «Бұл оқиғалар –  АҚШ пен Сауд Арабиясы сияқты араб елдерінің астыртын талпыныстарының салдары. Олар Палестинаның жапа шеккен халқын қысымға алып, аймақты тұрақсыздандыру арқылы Палестина халқын Иордан өзенінің батыс жағындағы бір бөлікте, Газа секторында шектеп, оқиғаны тоқтата аламыз деп ойлап отыр»,-деді.

 

Тегтер