Иран Түркіменстанның газын СУАП әдісімен тасымалдауды қайтадан бастады
(last modified Sun, 08 Apr 2018 15:10:47 GMT )
Сәу 08, 2018 21:10 Asia/Almaty
  • Иран Түркіменстанның газын СУАП әдісімен тасымалдауды қайтадан бастады

Иранның Мұнай министрінің халықаралық және сауда істер жөніндегі орынбасары: "Иран мен Түркіменстан президенттерінің келіссөздерінің арқасында ағымдағы 2018-ші жылдың наурыз айының 28-інен Иран Түркіменстан газін СУАП арқылы тасымалдауды бастады.

Иранның Мұнай министрінің халықаралық және сауда істер жөніндегі орынбасары Иран мен Түркіменстан президенттерінің келіссөздерінің арқасында 2018-ші жылдың наурыз айының 28-нен Иранның Түркіменстанның газын СУАП арқылы тасымалдауды бастағанын хабарлады.

Иранның Мұнай министрінің халықаралық және сауда істер жөніндегі орынбасары Амир Хосейн Заманиниа Түркіменстанды стратегиялық серіктес деп атап: "Иранның Мұнай министрлігі энергетикалық саладағы ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа, сондай-ақ Үндістан мен Пәкістанға және Парсы шығанағы жағалауындағы мемлекеттердің Түркіменстанға ортақ экспортқа дайын екенін жариялады. Иран мен Түркіменстан арасындағы газ саласындағы қайшылықтарды шешу үдерісі екі ел президенттерінің энергетика саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуді бастау туралы пікірлерімен басталды",- деді.

Заманиниа наурыздың 28 күнгі Иран мен Әзірбайжан Мұнай министрлерінің Каспий теңізіндегі екі мұнай блогын бірігіп дамыту келісіміне тоқталып: "Иран мен Әзірбайжан  президенттері "тарихи келісім" деп атаған осы келісім бойынша, екі елдің достық қарым-қатынастары мен экономикалық ынтымақтастықтарын  арттыруға болады",- деді.

 

 

 

 

 

Тегтер