Иран СІМ Йемен дағдарысын саяси жолмен шешу қажеттігін қуаттады
ИИР Сыртқы істер министрі Йемен дағдарысын саяси жолмен және сұхбаттасу арқылы шешу қажеттігін қуаттады.
IRNА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф BBC арнасының араб елдері бөліміне берген сұхбатында ИИР-ның әрдайым Йемен дағдарысын шешу үшін көмектесуге дайын екендігін баса айтып: "Бұл елдегі дағдарысты йемендіктер арасында сұхбаттасу мен келіссөз арқылы ғана шешу керек. Шетелдік тараптар өз талаптарын таңудың орнына саяси шешім жолын табу үшін шара қолдансын.
ИИР Йемен дағдарысы басталғаннан бері Сауд Арабиясымен осы дағдарысты шешу мақсатында келіссөз өткізуді қалады. Бірақ саудиялықтар бұл ұсынысқа қарсылық білдірді.
Сауд Арабиясының Иранның ұсынысына қарсылық білдіруінің себебі мынада: саудиялықтар Йеменде тез жеңіске жетеміз деп ойлағанымен олардың ойлары іске аспады.
Йемен дағдарысын саяси жолмен шешетін әлі мүмкіндік бар. Егер Сауд Арабиясы Йемен дағдарысын бейбіт жолмен шешуге мүдделі болса, Иран оған көмектесуге әзір",- деп баса айтты.