Иран мен Өзбекстан экономика саласындағы серіктестіктерді арттыруды қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i36074-Иран_мен_Өзбекстан_экономика_саласындағы_серіктестіктерді_арттыруды_қуаттады
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі мен Өзбекстанның вице премьер-министрі Теһран мен Ташкенттің экономикалық байланыстарын кеңейту қажеттігін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 09, 2018 18:35 Asia/Almaty
  • Иран мен Өзбекстан экономика саласындағы серіктестіктерді арттыруды қуаттады

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі мен Өзбекстанның вице премьер-министрі Теһран мен Ташкенттің экономикалық байланыстарын кеңейту қажеттігін қуаттады.

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мохаммад Шариатмадари дүйсенбі күні Теһранда Иран мен Өзбекстанның экономикалық, сауда, ғылыми-технологиялық серіктестіктері ортақ комиссиясының 12-ші отырысында екі ел басшыларының серіктестік жолындағы кедергілерді жоюдағы талпыныстарын Иран мен Өзбекстанның екіжақты серіктестіктерді арттыруды көздейтін ерік-жігерлерін білдіреді деп бағалады. Шариатмадари Иранның мұнай өндіруші маңызды елдердің бірі екендігін баса айтып, 2017 жылы Иранның жалпы экспорты мен сауда айналымы құнының шамамен 200 млрд долларды құрағанын, осындай көзқараспен Иранның Өзбекстан үшін жақсы серіктес болатынын қуаттады. Өзбекстанның вице-премьер-министрі Ачилбай Рахматов да Иранды Өзбекстанның сауда серіктесті деп атап, екі елдің 2017 жылғы сауда айналымы құнының 325 млн доллар болғанын мәлімдеді.