Иран мен Өзбекстан сауда саласындағы кедергілерді жою қажеттігін қуаттады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i36092-Иран_мен_Өзбекстан_сауда_саласындағы_кедергілерді_жою_қажеттігін_қуаттады
Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Теһранның Ташкентпен еркін сауда айналымын орнатуға әзір екенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Сәу 10, 2018 17:48 Asia/Almaty
  • Иран мен Өзбекстан сауда саласындағы кедергілерді жою қажеттігін қуаттады

Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Теһранның Ташкентпен еркін сауда айналымын орнатуға әзір екенін хабарлады.

Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Моджтаба Хосроутадж Теһранда өткен Иран мен Өзбекстанның сауда форумында екі елдің сауда саласындағы кедергілерін жою қажеттігін қуаттап: "Теһран мен Ташкент еркін сауда орнату үшін тарифтік қолдауды қажет ететін тауарлардың тізімін анықтай алады.

Иран мен Өзбекстанның іскерлеріне консулдық және визалық қызмет көрсету үшін  ұсыныстар да жасалды",-деді.

Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы инженерлік-техникалық қызмет көрсету мен транзит пен тасымал салаларында әріптестік жасауды Теһран мен Ташкент байланысын дамытудың маңызды тақырыптарының қатарында атап, екі елдің әріптестікті дамыту мақсатында  сейсенбі күні  Теһранда Ортақ сауда орталығын ашқанын айтты. Иран мен Өзбекстанның сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы ортақ комиссиясының он екінші отырысы Теһранда екі күн бойы өтті.