Иран СІМ Араб одағы басшылары отырысының қорытынды мәлімдемесіне реакция білдірді
(last modified Mon, 16 Apr 2018 08:51:34 GMT )
Сәу 16, 2018 14:51 Asia/Almaty
  • Иран СІМ Араб одағы басшылары отырысының қорытынды мәлімдемесіне реакция білдірді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Араб одағы басшылары отырысының қорытынды мәлімдемесіне білдірген реакциясында ИИР-ның басқа елдердің ішкі істеріне араласпауға негізделген негізгі әрі тұрақты саясатын баса айтып, мәлімдеменің кейбір тарауларындағы Иранға тағылған айыптарды толығымен теріске шығарды.

IRNА-ның дүйсенбі күні мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми Сауд Арабиясының Дахран қаласында өткен Араб одағына мүше елдер басшылары отырысының қорытынды мәлімдемесінің кейбір бөлімдеріне өкініш білдіріп: "Бұл мәлімдемеде алдыңғы мәлімдемелер секілді ИИР-на қарсы айтылған бос әрі пайдасыз уәждер мен өтіріктер қайталанып, аймақтық дағдарыстардың туындау себептерін танып-білуде ақиқатқа көзжұмбайлық танытылып, жолсыздық орын алған",- деп қуаттады.

Ғасеми Үлкен және Кіші Томб, Абу-Мұса аралдарын ирандық аралдар деп атап, оңтүстіктегі кейбір көршілес елдердің осы аралдардың атауларын бұрмалауға талпыныс жасауы мен олардың қате және орынсыз уәждерді қайталауын пайдасыз іс, Иранның ішкі істеріне араласу деп атап, қатты айыптады.

 

 

Тегтер