Иран екі Корей елінің қатынастарын қалыпқа келтіру әрекетін қолдады
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы сенбі күні таңертең Теһранның әрдайым Корей түбегіндегі шиеленісті жоюды қалағанын баса айтып, Иранның Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея басшыларының шиеленісті жойып, өзара қатынастарын қалыпқа келтіру жолындағы әрекеттерін қолдайтынын мәлімдеді.
Mehr ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бахрам Ғасеми ИИР-ның Солтүстік және Оңтүстік Корея басшыларының жуырдағы кездесуін аймақтық және әлемдік тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікке әсерлі септігін тигізетін дұрыс бағыттағы жауапты қадам деп санайтынын баса айтты.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның негізгі әрі әрдайым ұстанатын саясатының кез келген жаппай қырып-жою қаруларын шығару, пайдалану және сақтауға қарсылыққа негізделгенін баяндап: "Иран үнемі әлемді жаппай қырып-жою қаруларынан тазалауға бағытталған кез келген талпынысты қолдайды",- деді.
Ғасеми сондай-ақ, АҚШ-тың соңғы жылдардағы саясаты мен тәсіліне және бұл елдің халықаралық міндеттемелеріне берік болмауына сілтеме жасап: "ИИР-ның 40 жылдық тәжірибесі, әсіресе "Ортақ қадамға" қатысты соңғы тәжірибесі АҚШ үкіметінің сенімсіз ойыншы екенін және оның халықаралық міндеттемелерге берік еместігін көрсетті",- деді.