30 сәуір – Парсы шығанағының ұлттық күні
Бүгін 2018 жыл, сәуірдің отызы – 1622 жылы Иранның оңтүстігіндегі сулардан португалдық отаршылдардың шығарылуының жылдығы Парсы шығанағының ұлттық күні деп аталады.
Парсы шығанағы маңызды теңіз жолы ретінде әрдайым маңызды саяси орынға ие болып келген және бүгін де ең маңызды халықаралық су жолы ретінде танылған. Парсы шығанағы әрқашан Батыс пен Шығыс арасындағы тауар алмасу мен сауда-саттықтың торабы ретінде аймақтық және халықаралық алпауыт елдердің бәсекелестігі мен қақтығыстарының алаңы болған.
Парсы шығанағы төңірегінде орналасқан кейбір араб елдері соңғы жылдары Батыс отаршылдығының арандатуымен Парсы шығанағының атауын өзгертуді көздеп отыр. Бұл Парсы шығанағының атауы көне заманнан бері дәл осылай аталып келген жағдайда орын алуда.
Аталмыш шығанақ маңызды мұнай өткелі ретінде Иран өркениетімен тығыз байланысты. Парсы шығанағы – өткеннен қазіргі таңға дейін тарихи дереккөздер, жазбалар мен алыс-жақында орналасқан халықтар арасындағы келісім мәтіндерінде қолданылып келген атау.