Лариджани: Парсы шығанағы – Иран халқының қайраты мен айбынының символы
Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Парсы шығанағын Иран тарихының мәңгілік мұрасын қорғаудағы бір халықтың қайраты мен айбынының символы деп атап: «Бұл халық армандары мен мұраларын жан аямай қорғайтынын дәлелдеді» деп қуаттады.
Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің төрағасы Али Лариджани бүгін Иранның оңтүстігіндегі Парсы Шығанағы ұлттық күнгі мәдени-көркем өнер фестивалінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінде: «Соңғы жылдары дұшпандар ашкөздікпен Парсы шығанағына қадалғанына қарамастан Иран халқы оны жан аямай қорғайды. Парсы шығанағы ұзақ жылдар бойы аймақтың стратегиялық және сезімтал бөліктерінің бірі болғандықтан аймақ географиясында өте маңызды саналып, әрдайым баршаның назарына ілініп келеді» деді.
Жақында БАӘ-де ғылыми семинарға қатысқан эндокринолог дәрігер, профессор Мариям Заррағиазар баяндамасының соңында Парсы шығанағын атауда жалған сөзді қолданған бір зерттеушіге берген жауапта: «Парсы шығанағы ерте заманнан Парсы шығанағы болған. Сондықтан мәңгілікке Парсы Шығанағы болып қалады» деді.