Ирандық дәрі-дәрмек Қазақстанға экспортталады
2016-шы жылғы статистикалық мәліметтер бойынша, Иранның Қазақстанға экспортталатын дәрі-дәрмегінің мөлшері 61000 долларды құраған. Болжамдар бойынша 2018-ші жылы бұл мөлшер бір миллион доллардан асады.
Иранның Қазақстандағы сауда кеңесшісі: "Қазақстан дәрі-дәрмегінің 85 пайыздан астамы импорт арқылы қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмек – бұл ел ең көп импорттайтын бес нәрсенің бірі",- деді. Иранның Сауда кеңесшісі елінің Қазақстандағы дәрі-дәрмек және медициналық жабдық көрмелеріне қатысуды, бұл елдің Денсаулық министрлігі мен компанияларымен ынтымақтастық жасау арқылы дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтар шығару саласындағы жобаларға ортақ инвестиция салуды, тұрақты көрмелер орталығына қатысуды және Алматыдағы ирандық өнімдер маркетингімен айналысуды, "Халал" белгісі бар дәрілерді экспорттау жобасын дайындауды ағымдағы жылдың бағдарламаларының қатарын құрайды" деді.