Велаяти: Нетаньяху - "Қарсыласу" қозғалысының ең бейшара дұшпаны
Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі сионистік режим премьер-министрінің Иранға қарсы сөздерінің себебін сионист үкіметінің аймақтағы ерік-жігерінен үмітсіздігі мен Қарсыласу майданының лаңкестік топтарға қарсы жеңістерімен байланыстырды.
Әли Акбар Велаяти сионистік режимнің премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Иранға қарсы жаңа "жарнамалық қойылымына" сілтеме жасап: "Ислам үмбеті мен Қарсыласу майданы дұшпандарының ішіндегі ең бейшарасы сөзі үнемі басқалардың келемежіне тап болатын сионистік режимнің премьер-министрі болып табылады",- деді.
Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Иранның "Ортақ қадам" келісіміне толық беріктігін баса айтып: "Егер АҚШ артқа шегінуді қаласа, Иран "Ортақ қадам" келісімінен шығады. Бұл келісімге бір сөз қосып немесе кемітетін болса, Иран мұны қабылдамайды.
Иранның алдында көптеген таңдау бар, соның бірі – "Ортақ қадамнан" шығу",- деді.
Сионистік режимнің премьер-министрі дүйсенбі күні кешке ИИР-на қарсы жаңа "жарнамалық қойылымында" «Иран ядролық қару шығару бойынша жасырын бағдарламаға ие» деген уәж айтты.