Лариджани: Трамптың әрекеттері АҚШ-тың абыройсыздығына себеп болады
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Американың әлемдік билігі туралы уәж айтатын АҚШ Президенті шешімдерінің бұл елдің абыройсыздығына себеп болатынын қуаттап: "Америка халқы өзімшіл және саясатты түсінбейтін адамның құрығына түсті",- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні Мәжілістің ашық отырысында АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуына реакция білдіріп: "Барша жұрт АҚШ Президентінің мағынасыз әрі күлкілі сөздерін естіді. Бұл адамның дипломатиялық қойылым көрсетумен айналысып келе жатқанына бір жылдан астам уақыт болды. АҚШ Президенті бір күні БҰҰ-да әлем басшыларының алдында Солтүстік Корея халқын жоятыны туралы айтып, бұл елдің басшысын масқара етсе, келесі күні өзінің сөзін ұмытып, оны құрметті адам деп атап, онымен келіссөздер өткізеді. Трамп мемлекеттердің тарихы мен халықтар барлық нәрсені ұмытады деп ойлайды. Қазіргі оқиғалар Америка халқының өзімшіл және саясатты түсінбейтін адамның құрығына түскенін көрсетеді",- деді