Иран мен Болгарияның тікелей банктік қарым-қатынасы туралы ұсыныс жасалды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i36926-Иран_мен_Болгарияның_тікелей_банктік_қарым_қатынасы_туралы_ұсыныс_жасалды
Иранның Экономика және қаржы министрі Болгарияның филиалдарын ашып, Иранмен тікелей банктік қарым-қатынас орната алатынын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 13, 2018 19:47 Asia/Almaty
  • Иран мен Болгарияның тікелей банктік қарым-қатынасы туралы ұсыныс жасалды

Иранның Экономика және қаржы министрі Болгарияның филиалдарын ашып, Иранмен тікелей банктік қарым-қатынас орната алатынын мәлімдеді.

Иранның Экономика және қаржы министрі Масуд Карбасиан Болгарияның Экономика министрі Эмил Караниколовпен Теһрандағы кездесуінде екі елдің әр түрлі салалардағы ынтымақтастықтары мен Болгарияның Еуроодақтың кезеңдік басшысы міндетін атқаруына тоқталып: "Болгария мен Иранның ынтымақтастықтары Иран мен Еуропа қарым-қатынастарының алға ілгерілеуіне жағдай тудырады",- деді.

Болгарияның Экономика министрі дүйсенбі күні Теһранда өтетін Иран мен Болгарияның сауда конференциясына қатысу үшін Иранға сапармен келді.