Иран мен Түркіменстан темір жол саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i36940-Иран_мен_Түркіменстан_темір_жол_саласындағы_ынтымақтастық_туралы_меморандумға_қол_қойды
ИИР мен Түркіменстан жексенбі күні Теһранда өткен екі күндік ортақ экономикалық ынтымақтастықтар жөніндегі отырыстың соңында темір жол тасымалы саласындағы қатынастарды дамыту туралы меморандумға қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 14, 2018 13:42 Asia/Almaty
  • Иран мен Түркіменстан темір жол саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ИИР мен Түркіменстан жексенбі күні Теһранда өткен екі күндік ортақ экономикалық ынтымақтастықтар жөніндегі отырыстың соңында темір жол тасымалы саласындағы қатынастарды дамыту туралы меморандумға қол қойды.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркіменстанның Темір жол тасымалы министрі Азад Атамырадов пен ИИР-ның Темір жол компаниясының атқарушы директоры Сейіт Мұхаммадзаде қол қойған бұл меморандумда аймақтағы темір  жол саласындағы ынтымақтастықтарды дамыту мақсатында Қазақстан, Түркіменстан мен Иран темір жол бағытында көбірек көлемде жүк тасымалдау мәселесі келісілді.

Иран мен Түркіменстан арасында қол қойылған меморандумда екі жыл бұрын басталған ҚХР-нан Қазақстан мен Түркіменстан арқылы Теһранға бағытталған контейнерлі вагондардың рейстерін жалғастыру қажеттілігі қуатталды.