Иран сионистердің қылмыстарын зерттеу үшін ақиқатты анықтау комитетін құруды сұрады
Maм 18, 2018 15:05 Asia/Almaty
ИИР бейсенбі күні сионистік режимнің қылмыстары мен АҚШ-тың өз елшілігін басып алынған Құдсқа көшіру әрекетінің салдарын зерттеу үшін ақиқатты анықтау комитетін құруды сұрады.
Mehr News ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, бұл ұсыныс Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдері сарапшыларының бейсенбі күні Стамбұлда өткен төтенше отырысында жасалды.
Отырыста 57 мемлекеттің сарапшылары мен мамандары басып алынған жерлерде орын алып жатқан оқиғаларға қатысты ислам әлемінің ұстанымдарын анықтады.
Аталмыш отырыстың қорытынды мәлімдемесі Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің СІМ-лері мен президенттерінің бүгін жұма күні Стамбұлда өтетін төтенше отырысында әзірленіп, бекітіледі.
Тегтер