Maм 20, 2018 22:06 Asia/Almaty
  • Велаяти:

Иран Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Ислам республикасының еуропалықтармен келіссөздерде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына нұқсан келтірілмеу үшін Еуропадан кепіл алу қажет деп санайтынын баса айтты.

Әлиакбар Велаяти Американың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейінгі кезеңде еуропалық басшылардың кепілмен қамтамасыз етуі туралы: "Өкінішіке орай, Еуроодақтың кейбір мүшелері "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қайшы ұстаным білдіруде. Еуропаның ресми басшыларының мұндай қайшы уәждері күдік-күмән тудырады. Осыған орай Иранның келіссөздерге қатысатын тобы қажет кепілдерді алуы керек",- деді. Ол сондай-ақ, Иракта өткен жуырдағы парламенттік сайлау туралы: "Ирактың сайлауы толық тыныштық пен қауіпсіздікте өтті. Ирак халқы мен үкіметі ешбір бөгдеге араласуға рұқсат берген жоқ",- деді.

 

 

 

Тегтер