Теһранда «Әлемдік футбол кубогы» деген атаумен ирандық кілемнің тұсаукесері өтті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i37164-Теһранда_Әлемдік_футбол_кубогы_деген_атаумен_ирандық_кілемнің_тұсаукесері_өтті
«Ресей-2018» әлем чемпионаты қарсаңында Теһранда «Футболдан әлемдік кубок» тақырыбында ирандық жеті кілем мен кілемшенің тұсаукесер рәсімі өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 22, 2018 04:29 Asia/Almaty
  • Теһранда «Әлемдік футбол кубогы» деген атаумен ирандық кілемнің тұсаукесері өтті

«Ресей-2018» әлем чемпионаты қарсаңында Теһранда «Футболдан әлемдік кубок» тақырыбында ирандық жеті кілем мен кілемшенің тұсаукесер рәсімі өтті.

Иран Телерадио бірлестігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша ирандық жібек кілемдер мен кілемше Халықаралық Футбол Федерациясы (FIFA) мен Ресейдің футбол федерациясы және «Ресей-2018» әлем чемпионатында Иран командасы ойнайтын командаларға сыйлыққа беріледі.
Ирандық кілемшелердің тоқымашыларының бірі Хосейн Каземи Хамед кілемдерді тоқудағы мақсатты ирандық асыл мәдениетті халықаралық деңгейде таныстыру деп атады.

Сонымен қатар «Ресей-2018» әлем чемпионатындағы Иранның футболдан ұлттық командасының ресми гимні «Он бір жұлдыз» деген атаумен Салар Ағилидің дауысы және Бабак Зарриннің музыкасымен таныстырылды.

2018 жылғы әлем чемпионаты маусым айының он төртінде басталып, шілде айының он бесіне дейін Ресейде өтеді. Иранның ұлттық командасы әлем чемпионатында Испания, Португалия және Мароккомен бір топта болады.