Исламдық Иранда Қадір түндерінің алғашқы түніне арналған рәсімдер өткізілді
Иранның мүмін халқының жаппай қатысумен Иранның жер-жерінде ізгілікке толы Қадір түндерінің алғашқы түнінің арнайы рәсімдері өтті.
Имамат пен велаятты сүюшілер жексенбі күні кешке Рамазан айының он тоғызыншы түнін Иранның жер-жеріндегі мешіттер, хусейнилер мен басқа да діни мекендерде жиналып, таң атқанша Құран оқып, "Джоушан кабир" дұғасы мен Алланың көркем есімдерін зікір етіп, өткізді.
Қасиетті Рамазан айының он тоғызыншы, жиырма бірінші және жиырма үшінші түндері Қадір түндері саналады. Мұсылмандар бұл түндері сергек болып, қолдарына Құран алып, Жаратушыға мадақ айтып, "Джоушан кабир" дұғасын оқып, Құдаймен сырласады.
Қасиетті Рамазан айының он тоғызыншы жұлдызының таң сәресінде хауаридждердің бірі болған Ибн Молджем Моради таң намазын оқып тұрған имам Әлиді (ғ.с) уланған семсермен ұрды.
Әлем шиіттерінің алғашқы имамы жаралғаннан кейін үйінде төсек тартып жатып, екі күннен соң, яғни Рамазан айының жиырма бірі күні шәһид болады.
Иран Телерадио бірлестігі Алла Тағаладан барша мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында, әсіресе Қадір түндері жасаған ғибадаттары мен құлшылықтарының қабыл болуын тілейді.