Салехи: 10 айдың ішінде уран байытуды 190 мың ЕРР-ге жеткізе аламыз
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Натанз нысанындағы центрифугаларды монтаждау орталығында болып, бір айдың ішінде осы орталықтың барлық бөлімдерінің дайын болатындығына үміт білдірді.
Әли Акбар Салехи сәрсенбі күні кешке Натанз нысанында ұйымдастырылған Иранның 2-ші арнасының "Арнайы сұхбат" бағдарламасында: "Ислам революциясының жетекшісі ядролық белсенділікті дамытудың алғышарттарын дайындауға бұйрық бергеннен кейін осы орталықта шұғыл түрде жұмыстар басталды.
Центрифугаларды монтаждау орталығында роторлар мен басқа да құралдар нақты сынақтан өтеді. 60 мыңға жуық центрифуганы толығымен тексерістен өткізу мүмкіндігі бар",-деді.
Салехи 190 мың ЕРР көлемде байытумен қамтамасыз ету туралы: "Егер центрифугалардың алтыншы буыны орнатылып, 60 мыңға жуық центрифуга жұмыс істейтін болса, Иран 10 айдың ішінде уран байытуды 190 мың ЕРР-ге жеткізе алады",-деді.
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы 190 мың ЕРР көлемде байытуға қол жеткізу үшін жылына 300 тонна уран қажеттігін айтып: "Алдағы бірнеше жылда осынша көлемде уран өндіру үшін бұл ұйым уранды барлау және өндіру саласында жұмыс жасап жатыр",-деді.
Иран Атом қуаты ұйымының басшысы Натанз орталығында уранды 1 млн ЕРР-ге байытатын инфрақұрылымдардың дайындалып қалғанын хабарлады.