Иран мен Қырғызстан әуе тасымалы саласында серіктестік құжатына қол қойды
Маусым 11, 2018 18:53 Asia/Almaty
Иран Телерадио бірлестігінің бүгін, дүйсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, серіктестік құжатына Иран Әуе Жолдары Ұйымының басшысы Али Абедзаде мен Қырғызстан Әуе жолдары ұйымы басшысының орынбасары Джунушалиев қол қойды.
Абедзаде мен Джунушалиев сонымен қатар Иран мен Қырғызстан әуе компанияларының тікелей рейстерін ашу, SKY KG AIRLINE компаниясын ортақ серіктестік мақсатында Иранның Әуе жолдары компаниясы арқылы қабылдау және бағдарламалық рейстерді жолға қойып, ұшақты арендаға беруші және арендағы алушы әуе компанияларының ықтиярларын анықтау туралы пікір алмасты.
Тегтер