ИИР – босқындар үшін қайырымды ел
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i37744-ИИР_босқындар_үшін_қайырымды_ел
БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Ирандағы босқындар кеңсесінің басшысы: "БҰҰ-ның Жоғары комиссарлары әрқашан Иран үкіметімен өте жақсы ынтымақтастық жасап келеді. Ынтымақтастықтардың орнатылғанына 35 жылдан асты",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 13, 2018 12:37 Asia/Almaty
  • ИИР – босқындар үшін қайырымды ел

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Ирандағы босқындар кеңсесінің басшысы: "БҰҰ-ның Жоғары комиссарлары әрқашан Иран үкіметімен өте жақсы ынтымақтастық жасап келеді. Ынтымақтастықтардың орнатылғанына 35 жылдан асты",- деді.

БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Ирандағы комиссары Иранның оңтүстігіндегі Керман әкімшілігінің саяси, қауіпсіздік және қоғамдық істері жөніндегі басшысы Хамид Малануримен кездесуінде Иран үкіметінің босқындарға жасаған көмегіне  тоқталып, Иран үкіметінің босқындар мәселесін шешуге көп қаржы жұмсағанын айтты.

Өткен 40 жылда Иранмен шекаралас кейбір мемлекеттер соғыстар және дағдарыстармен бетпе-бет келіп, солардың салдарынан көптеген адам босқынға айналып, олардың бір бөлігі Ираннан пана тапты. Бұл салада Ауғанстанның жағдайын атауға болады. Мәліметтер әр 113 адамның біреуінің босқын екенін, олардың жартысын балалар құрайтынын көрсетеді.

Қазіргі таңда Иранда 2 миллионнан астам ауғандық босқын өмір сүреді. БҰҰ-ның ресми мәліметтері бойынша, ИИР өзінің қиындықтарына қарамастан босқындарға жақсы көмек көрсетуде. Иран босқындарды тұратын орындармен қамтамасыз етуімен бірге олардың балаларына мектептен бастап, жоғары оқу орындарына дейін білім алуға мүмкіндік жасап отыр. Сондай-ақ, гигиеналық және медициналық қызмет көрсетуде.

Иранның Денсаулық министрлігінің науқастарды бақылау басқармасының басшысы Махмуд Суруш босқындарға көрсетіліп отырған гигиеналық қолдаулар туралы: "Бұл салада шетелдік азаматтар басқармасы және БҰҰ Жоғары комиссары басқармасы тарапынан келісімдерге қол қойылып, олар үшін жеті медициналық, екі диализ орталығы іске қосылды",- деді.

Жарияланған мәлімдемелер бойынша қазір Иранның 26 000 мектебінде босқындардан 4000 оқушы білім алуда.

БҰҰ Жоғары комиссариатының бағдарлау жөніндегі директоры бұл салада Ислам революциясының  жетекшісі аятолла Хаменеидің Ирандағы шетелдік азаматтарға білім алу мүмкіндігін беру туралы бұйрығына тоқталып, әлем халықтары арасында ИИР-дағы гуманитарлық көзақарасты жоғары деп атады. Босқындар істері жөніндегі ұйымдардың басшыларының айтуынша, ауғандық босқындар Иранға келген кезде олардың арасында сауаттылық деңгейі 6 пайыз болса, қазір олардың сауаттылық деңгейі 60 пайызға көтерілді.

Босқындардың дамуы мен қауіпсіздігі – ИИР  көмектерінің нәтижесі. Бұл қолдаулар адам құқығы туралы уәж айтатын АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтердің Иранға қарсы экономикалық қысымдары мен әртүрлі санкцияларына қарамастан жалғасуда. ИИР әрқашан босқындар үшін жақсы жағдай қалыптастыруға күш салып келеді.

Әлемдегі босқындар иықтарына заттарын асып,  көптеген қиындықтарға төзіп, келешекте өз елдеріне қайтып ораламыз деген үміттерімен басқа елдерге аттануда. Алайда босқындардың қиындықтары өз отандарына оралмай аяқталмайды.