Ирандық қари тікелей эфирде өткен Құран сайысының жеңімпазы атанды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i37788-Ирандық_қари_тікелей_эфирде_өткен_Құран_сайысының_жеңімпазы_атанды
Ирандық қари Әлиасғар Шааи ислам әлемінің бірінші рет тікелей эфирде өткен Құран сайысында бірінші орын алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 15, 2018 15:49 Asia/Almaty
  • Ирандық қари тікелей эфирде өткен Құран сайысының жеңімпазы атанды

Ирандық қари Әлиасғар Шааи ислам әлемінің бірінші рет тікелей эфирде өткен Құран сайысында бірінші орын алды.

"Тақуалар үшін құтылу бар" атты Құран сайысы – араб және ислам әлеміндегі Құранға сүйіспеншілік білдіретіндердің  қолдауына ие болған alkawthartv халықаралық телеарнасының бастамасымен ислам әлемнің тікелей эфир арқылы өткен алғашқы әрі үлкен Құран сайысы.

Қасиетті Рамазан айында өткен сайыстың бұл кезеңіне 20 мемлекеттің 113 қариі қатысып, ирандық Әлиасғар Шааи бірінші, мысырлық Мұхаммад Фатхолла Бейбарс екінші, ауғанстандық Мұхаммад Тақи Анвари үшінші, ливандық Мұхаммад Абдолхади әл-Шахими төртінші, ирактық Малик әл-Долфи бесінші орындарға ие болды.