Мұсылман халықтары талпыныстарының арқасында сионистік режим міндетті түрде жойылады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i37810-Мұсылман_халықтары_талпыныстарының_арқасында_сионистік_режим_міндетті_түрде_жойылады
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ораза айтына орай жүйенің жауапты тұлғалары және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдерімен кездесуінде сионистік режимді аймақ пен ислам елдері арасында қайшылықтың туындауының басты факторы деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 16, 2018 17:24 Asia/Almaty
  • Мұсылман халықтары талпыныстарының арқасында сионистік режим міндетті түрде жойылады

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Ораза айтына орай жүйенің жауапты тұлғалары және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдерімен кездесуінде сионистік режимді аймақ пен ислам елдері арасында қайшылықтың туындауының басты факторы деп атады.

Хазірет аятолла Хаменеи жұма күнгі осы кездесуде ислам қоғамы мен үмбетінің абырой-айбынының ең маңызды факторларының бірін бірлікті сақтап, қайшылықтарды жою деп атап: "Сионистік режимнің түйткілі оның заңсыздығында. Ол жалған негізде құрылған. Алланың қолдауымен және мұсылман халықтардың талпынысымен  бұл режим міндетті түрде жойылады",-деді. Ислам "Барлық тарихи тәжірибелер заңдылық мәселесімен бетпе-бет келіп отырған сионистік режимнің қалмайтынын көрсетіп отыр",-деді.

Ұлыбританияның қастандығымен Таяу Шығыста сионистік режимнің іргесі  қаланғаннан кейін ислам әлемінде бақытсыздық басталып, ислам елдері арасында қайшылықтар мен қақтығыстар туындады. Израиль режимі палестиналықтардың туған жерінде жалған негізде құрылды. Бұл оқиға палестиналықтардың мәжбүрлі түрде қоныс аударып, жерлеріне күнде басқыншылық пен қылмыстар жасалып, ислам елдері арасында жіктің пайда болуына әкеліп соқтырды. Мұсылмандардың бірінші құбыласы саналатын Құдс жерін басып алу мұсылмандар арасында қайшылық тудыру үшін жасалды. Оның тамыры Ұлыбританияның саясатында жатыр. Израиль режимінің заңсыз құрылғанынан 70 жыл өтсе де, бұл саясат әлі күнге дейін әртүрлі тәсілдермен жалғасып келеді.

Сионистік режим зорлық, қоқан-лоққы, жаппай қырып-жою және бір ұлтты өз жерінен қуып шығу негізінде құрылды. Алайда күш көрсетіп, қырып-жою арқылы бұл режимді заңдастыру мүмкін емес. Палестиналықтардың қарсыласуының жалғасуы мен бітім үдерісінің жеңіліс табуы – Израиль режимінің сақталып қалмайтынын дәлелдейтін белгілердің бірі. "Ғасыр мәмілесі" аясында кейбір араб билеушілерінің Израильмен қарым-қатынасты қалыптандыруға тырысуы осы режимді заңдастыру мақсатында жасалып жатыр. Аймақпен ешқандай тарихи байланысы жоқ бұл режим күш көрсетіп, қырып-жою арқылы Палестинаның географиясын өзгерте алмайды. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, Палестинаны әлемдік географияның тарихи жадынан өшіріп тастау мүмкін емес.

Сионистерге қарсы еврейлердің халықаралық тобының ақпарат хатшысы раввин Давид Вайс сәрсенбі күні Press TV телеарнасына берген сұхбатында: "Израильдің болмысы – заңсыз әрі Тауратқа қайшы. Жалпы, Палестинаны басып алу илаһи бұйрық пен Тауратқа қарсы",-деп қуаттады. Раввин Давид Вайс содан Палестинаның жапа шеккен халқының қарсыласуын қолдап, сионистердің Газадағы қылмыстарын айыптап: "Израильдің заңдық болмысы жоқтығымен қатар бұл режим халыққа зұлымдық жасап, палестиналықтарды өлтіріп жатыр",-деді.

Израиль режимінің болмысы палестиналықтарды өлтірумен тікелей байланысты. Бұл қылмыс осы күндері кейбір араб елдері қиянатының саясында жаңа көлемге ие болды. Сионистік режимнің басқыншылығы және Газа секторында Палестина халқын қырып-жоюымен бір мезгілде кейбір жігерсіз араб елдері АҚШ-тың қолдауымен сионистік режиммен байланыс орнатып, АҚШ елшілігін Құдсқа көшіруді қолдады. Араб елдерінің Израильмен бітімге келуі және АҚШ елшілігін Құдсқа көшіруін қолдауы – "Ғасыр мәмілесі" аясында көзделіп отырған жаңа қастандық. Оның салдары "Некбат" (бақытсыздық) күнінен кем емес, әрі Палестина мен Құдс мәселесін ұмыттыру мен Израиль режимінің заңдастырылуына соқтырады. Израильдің шығыстанушысы Шомрат Мейер Сауд Арабиясының "Ғасыр мәмілесі" үдерісіндегі рөліне тоқталып: "Ғасыр мәмілесі – АҚШ Президенті Дональд Трамптың арнайы бағдарламасы. Саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман осы жобаны орындайтын маңызды тарап болып табылады",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, үстемшіл елдердің қазір аймақта жүргізіп жатқан саясаты – ислам елдеріндегі әрбір адам мен мұсылмандар арасына іріткі салу. Қылмыскер АҚШ пен сионистік режимнің саясаттарымен күресудің жалғыз жолы – дұшпанның жоба-жоспарларынан хабардар болып, оларға қарсы тұру. Бұл жолда бүкіл ислам халықтарының талпынысы қажет. Палестина мәселесіне қатысты бірыңғай ұстаным білдіру сионистік режимнің жойылуының соңғы нүктесі болмақ.