Зариф: Сионистік режимнің ядролық оқтұмсықтары туралы мәселені көтеретін уақыт келді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i37860-Зариф_Сионистік_режимнің_ядролық_оқтұмсықтары_туралы_мәселені_көтеретін_уақыт_келді
Иран Сыртқы істер министрі Твиттердегі парақшасында Таяу Шығыс аймағында кемінде 80 ядролық оқтұмсықтың бар екендігіне тоқталып, Иранда мұндай бірде-бір оқтұмсықтың жоқ екенін қуаттады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 19, 2018 09:30 Asia/Almaty
  • Зариф: Сионистік режимнің ядролық оқтұмсықтары туралы мәселені көтеретін уақыт келді

Иран Сыртқы істер министрі Твиттердегі парақшасында Таяу Шығыс аймағында кемінде 80 ядролық оқтұмсықтың бар екендігіне тоқталып, Иранда мұндай бірде-бір оқтұмсықтың жоқ екенін қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: "Бұл оқтұмсықтар "Иран  үстемшіл мақсаттарды көздеуде" деген өтірікті тарататын аймақтың соғысқұмар режимінің қолында. Біраз уақыттан бері кейінге қалған аймақ пен әлемнің шынайы қоқан-лоққысы туралы мәселені көтеретін уақыт келді",- деп жазды.

Сионистік режим жасырын әрі АҚШ-тың қолдауына ие болып, ядролық қару-жарақ таратуға тыйым салатын НПТ хаттамасына қосылудан бас тартып отыр.  Израиль режимі басып алынған Палестина жерлерінде ядролық қару шығарып, оны сақтап, сонымен қатар химиялық қарулар шығарып, Таяу Шығыс аймағын жаппай қырып-жоятын қарулардың қоймасына айналдырып, аймақ пен әлем үшін шынайы қауіп-қатер төндіруде.