Зангане: ОПЕК Трамптың бұйрығына бағынбайды
ИИР-ның Мұнай министрі Зангане сейсенбі күні кешке Венада Мұнай экспорттайтын елдердің ұйымы (ОПЕК)-тің АҚШ Президенті Дональд Трамптың бұйрығына бағынбайтындығына тоқталып, мұнайды басқа елдерге қарсы қару немесе саяси құрал ретінде пайдалануға болмайтынын баса айтты.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Бижан Намдар Зангане: "Трамп ОПЕК-тің негізін құрған әрі маңызды мүшелері саналатын екі елге, атап айтқанда Иран мен Венесуэлаға санкция салып, мұнай нарығын қиындықтармен бетпе-бет келтірді",- деді.
Зангане Иран мен ОПЕК-тің кейбір басқа мүшелері үшін мұнай нарығының саяси болмағанының маңыздылығын қуаттап: "Егер мұнай нарығы сұраныс пен ұсыныс қағидаттарына негізделсе, тұтынушы мен өндірушінің мүддесіне сай болады. ОПЕК-тің әрбір шешімі барлық мүшелерінің дауысы негізінде қабылданады",- деді.