"Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы күшін жойған жоқ
(last modified Mon, 25 Jun 2018 18:42:28 GMT )
Маусым 26, 2018 00:42 Asia/Almaty

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып кеткеніне қарамастан, бұл халықаралық келісімнің бұрынғыдай өз күшін сақтап қалғанын, әріптестік жасау тәсілі туралы келіссөздердің жалғасып жатқанын мәлімдеді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні отандық және халықаралық тілшілермен өткізген баспасөз конференциясында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының жағдайының қиындап кеткені туралы кейбір көзқарастарға қатысты айтқан сөзінде келісімнің жағдайын тұрақты деп атады.

Ғасеми ИИР Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы тілшісінің Ресей мен Сауд Арабиясының ОПЕК-тің соңғы отырысында мұнай өндіру межесін жоғарылату туралы кеңескені және ИИР СІМ-нің экономикалық істер жөніндегі департаментінің ресейлік қайраткерлермен сұхбаттасудағы рөлі жайлы қойған сұрағына: "ОПЕК пен мұнайға қатысты мәселелердің Иран Мұнай министрлігінің құзырында болғанымен Иран СІМ қажет жағдайда Ресеймен ОПЕК-тің мұнай өндірісі көлемін арттыруы жайлы пікір алмасатын болады. Иранның Мұнай министрлігі осы салада өз  міндеттерін жақсы атқарып келеді",-деп жауап берді.

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Йеменде дағдарыстың жалғасып жатқанына тоқталып, ИИР-ның әрдайым Сауд Арабиясының Йеменге басқыншылығын айыптағанын айтып: "Йемен гуманитарлық дағдарысқа ұшырады. Халықаралық қауымдастық пен Еуропа елдері бұл дағдарысты тоқтату үшін тиісті шара қолдануы керек",-деді.