Иран мен Өзбекстан аймақтық ынтымақтастықтарды арттыруға мүдделі
Иран мен Өзбекстан Орта Азия елдері арасындағы ынтымақтастықтарды арттыру бағытында бір-біріне сенімді серіктес бола алады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы контр-адмирал Әли Шамхани сейсенбі күні Теһранға ресми сапармен келген Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Виктор Махмудовпен кездесуде ИИР-ның Өзбекстанмен саяси, қауіпсіздік, әскери, экономикалық және технология салалары бойынша екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейтуге әзірлігін мәлімдеді.
Ортақ аймақтық қиындықтар саналатын лаңкестік, әсірешілдік және жікшілдікпен жан-жақты күресу қажеттігі Иран мен Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі басшылары арасындағы сұхбаттасудың маңызды тақырыптарының бірі болды.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің бас хатшысы бұл мәселеге қатысты Ауғанстандағы саяси, қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстардың дамуы мен НАТО мүшелерінің бұл елдегі тынышсыздық тудырушы әрекеттерінің алаңдаушылық тудыратынын мәлімдеді.
Шамханидің осы тақырыпқа қатысты баса айтқан маңызды мәселесі шын мәнінде АҚШ-тың лаңкестікпен күрес сылтауымен аймақтың ішкі істеріне араласуынан туындаған қиындық саналады. Шамхани АҚШ-тың аймақтағы мақсаттарына сілтеме жасап, лаңкестікті басқарып, оны құрал ретінде пайдалануды АҚШ-тың стратегиялық саясаты деп атады.
Лаңкестік АҚШ пен одақтастары кейбір басқыншы режимдердің ынтымақтастығы арқылы аймақта тудырып, қауіпсіздік орнату сылтауымен аймақтан тыс күштерді онда орналастыруының нәтижесі тұрақсыздық пен тынышсыздық болған мәселе болып отыр.
Бұл қозғалыс 2001 жылдың 11 қыркүйек оқиғасын құрал ретінде пайдалану арқылы АҚШ-тың Ауғанстанға шабуылымен басталып, Иракты басып алу және НАТО ұйымы мүшелерінің аймақтағы қауіпсіздік және әскери кеңістік құру ісіне араласушылығы арқылы кең етек жайды. Алайда бүгінде не Ауғанстанда қауіпсіздік орнаған жоқ, аймақтағы лаңкестік пен әсірешілдіктің тамыры да жойылмады.
АҚШ тарапынан бастау алатын осы күмәнді әрекет салдарынан ДАИШ-ты Ауғанстан мен Орта Азияға көшіруге куә болып отырмыз. Бұл әрекеттер аймақ үшін жақсы емес. Сондықтан өткен тәжірибеден ғибрат алып, аймақтағы лаңкестіктің барлық тамырымен күресу қажет. Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Виктор Махмудовтың Теһранда айтқан сөзі дәл осы көзқарасты растап отыр. Себебі, ол тұрақты қауіпсіздік орнату мен аймақ елдері арасында жан-жақты қатынастарды дамытуға бағытталған Иран тарапынан айтылған стратегияларды айқын әрі шындыққа негізделген деп бағалады.
Орталық Азия аймағындағы саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Шуайб Баһман: "Орта Азия елдерінің басшылары лаңкестік және әсірешіл топтармен шынайы күресіп жатқан Иранмен келіссөздер жүргізіп, өзара әрекеттестікті бастауға мүдделі болып отыр",- деді.
АҚШ-тың қысымдары мен қастық әрекеттеріне байланысты бұл бағыттағы әрекет айтарлықтай оңай көрінбейді. АҚШ Сауд Арабиясының көмегімен аймақта тынышсыздық тудыру үшін ұзақ мерзімді стратегияларды жоспарлаған. АҚШ ашық түрде аймақтағы тынышсыздық тудырушыларды қолдайтын ел ретінде бірде-бір салада сенім артуға болмайтын ел саналып, аймақ елдерін шектеп, олардың қауіпсіздігі мен экономикасына соққы беруді көздеп отыр.
Иранның БҰҰ-дағы өкілі Ғоламали Хошрудың сейсенбі күнгі Ауғанстандағы жағдай тақырыбына арналған Қауіпсіздік кеңесінің үш ай сайын өтетін отырысында айтқан сөздері осы салада өте маңызды саналады.
Хошру лаңкестік пен әсірешілдікті тек Ауғанстанға ғана қарсы қатер емес, сондай-ақ бүкіл аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін төнген шынайы қатер деп атап: "Иранның пайымдауынша, лаңкестікпен күресте ДАИШ пен оған тәуелді топтардың күштерін жете бағаламауға болмайды",- деп баса айтты.
Сол себепті аймақ елдерінің аймақтағы лаңкестікпен күресу үшін ынтымақтастығы маңызды қажеттік саналады.