7 тир – Теһрандағы лаңкестік жарылыстың жылдығы
Бүгін, бейсенбі х.ш.ж.с.б. 1397 жылдың тир айының 7 жұлдызы, сәйкесінше 2018 жылдың 28 маусымында Теһрандағы Ислам республикасы партиясының бұрынғы кеңсесінде болған лаңкестік жарылысқа 38 жыл болды.
1981 жылы 27 маусымда (х.ш.ж.с.б. 1360 жылдың 7 тирі) Теһрандағы Ислам республикасы партиясы кеңсесінің конференц-залында болған бомба жарылысы салдарынан сол кездегі елдің Жоғары кеңесінің басшысы аятолла сейіт Мұхаммад Хосейни Бехешти Иранның 72 саяси және діни өкілімен бірге (4 министр, 12 министрдің орынбасарлары және 30-ға жуық депутат) "Мұнафықтар" лаңкестік тобының қолынан шәһид болды.
7 тир күнгі лаңкестік әрекет "Мұнафықтар" лаңкестік тобының Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейінгі алғашқы жылдары жасаған әрекеттерінің бірі ғана. Бұл оқиға Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің өміріне қастандық жасалғаннан бір күннен кейін Теһранның Абузар мешітінде орын алды.
АҚШ Иракқа шабуыл жасап, Саддам режимі құлатылғаннан кейін де "Мұнафықтар" лаңкестік тобы АҚШ пен Еуропаның қолдауына ие болып отыр.