Иран мен Өзбекстан Инвестиция салу жөнінде ортақ комитет құрады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38089-Иран_мен_Өзбекстан_Инвестиция_салу_жөнінде_ортақ_комитет_құрады
Иранның Инвестиция және экономикалық-техникалық көмектер жөніндегі ұйымының басшысы аймақ елдерімен, әсіресе Өзбекстанмен ынтымақтастық жасауды ИИР-ның стратегиялық мақсаттарының бірі деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 29, 2018 04:15 Asia/Almaty
  • Иран мен Өзбекстан Инвестиция салу жөнінде ортақ комитет құрады

Иранның Инвестиция және экономикалық-техникалық көмектер жөніндегі ұйымының басшысы аймақ елдерімен, әсіресе Өзбекстанмен ынтымақтастық жасауды ИИР-ның стратегиялық мақсаттарының бірі деп атады.

Иранның Инвестиция және экономикалық-техникалық көмектер жөніндегі ұйымының басшысы Мұхаммад Хазаи Теһранда Өзбекстанның Сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаевпен кездесуінде Иран мен Өзбекстанның саяси, экономикалық және қауіпсіздік мүдделерінің бір-бірімен байланысты екенін баяндап: "Екі елдің экономикалық ынтымақтастықтарының деңгейі Иран мен Өзбекстанның жоғары лауазмды тұлғаларының ерік-жігеріне байланысты жеткіліксіз болып отыр, сондықтан осы ынтымақтастықтарды арттыру қажет",- деді.

Иранның Экономика және қаржы істері министрінің даму істері жөніндегі орынбасары екі елдің қаржыландыру және инвестициялау форматындағы келісімдер қалыбындағы ынтымақтастықтарының жол картасын әзірлеу мақсатында қаржы инвестициясы жөніндегі ортақ жұмыс тобын құруды ұсынды. Ұсыныс Өзбекстан Сыртқы сауда министрінің қолдауына ие болды.

Өзбекстанның Сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаев та өз президентінің Иранмен ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттағанына және Иран президентінің жуырда Өзбекстанға жасаған сапарына сілтеме жасап, екі елдің сауда-экономикалық қатынастары деңгейін арттыруды өз үкіметі үшін аса маңызды екенін мәлімдеді.