Иран ОПЕК-тің кейбір мүшелерінің келісімді бұзуына қатысты ескерту жасады
Шіл 01, 2018 23:15 Asia/Almaty
Иранның Мұнай министрі ОПЕК-ке мүше әрбір мемлекеттің өз міндеттемелерінде белгіленген мөлшерден артық мұнай шығаруын ұйымның келісімін бұзу саналатынын жариялады.
Бижан Намдар Зангане Біріккен Араб Әмірлігінің Мұнай министрі және ОПЕК-тің кезеңдік басшысы Сохейл Мұхаммад әл-Мазруиге хат жолдап: "ОПЕК мүшелері өз міндеттемелері мен Венада өткен ұйымның 171 және 174 отырыстарына табанды болып, ОПЕК-тің бірлігі мен тәуелсіздігіне зардап келтіретін біржақты әрекеттерді орындаудан бой тартуы керек",- деді.
ОПЕК мүшелері маусымның 22 күні ұйым мүшелерінің 2016 жылдың қараша айындағы 74 отырысында мұнай шығаруды 1 миллион 800 мың баррельге азайтуды қуаттаған болатын.
Тегтер