Иран ОПЕК-тің кейбір мүшелерінің келісімді бұзуына қатысты ескерту жасады
(last modified Sun, 01 Jul 2018 17:15:02 GMT )
Шіл 01, 2018 23:15 Asia/Almaty
  • Иран ОПЕК-тің кейбір мүшелерінің келісімді бұзуына қатысты ескерту жасады

Иранның Мұнай министрі ОПЕК-ке мүше әрбір мемлекеттің өз міндеттемелерінде белгіленген мөлшерден артық мұнай шығаруын ұйымның келісімін бұзу саналатынын жариялады.

Бижан Намдар Зангане Біріккен Араб Әмірлігінің Мұнай министрі және ОПЕК-тің кезеңдік басшысы Сохейл Мұхаммад әл-Мазруиге хат жолдап: "ОПЕК мүшелері өз міндеттемелері мен Венада өткен ұйымның 171 және 174 отырыстарына  табанды болып, ОПЕК-тің бірлігі мен тәуелсіздігіне зардап келтіретін біржақты әрекеттерді орындаудан бой тартуы керек",- деді.

ОПЕК мүшелері маусымның 22 күні ұйым мүшелерінің 2016 жылдың қараша айындағы 74  отырысында мұнай шығаруды  1 миллион  800 мың баррельге азайтуды қуаттаған болатын. 

 

 

Тегтер