Иран халқы АҚШ-тың санкциялары мен қысымдарына ешқашан мойынсұнбайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38127-Иран_халқы_АҚШ_тың_санкциялары_мен_қысымдарына_ешқашан_мойынсұнбайды
Қасиетті қорғаныс кезеңінің туындыларын сақтау мен құндылықтарын жариялау қорының директоры: "АҚШ-тың қоқан-лоққы жасап, үрей тудырып, санкциялар жариялауы исламдық Иранның күш-қуаты мен дұшпандардың ислам республикасы халқының ерік-жігері мен жүйесінің алдындағы қауқарсыздығын көрсетіп отыр. Біздің халқымыз бұл қысымдарға ешқашан мойынсұнбайды",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 02, 2018 11:34 Asia/Almaty
  • Иран халқы АҚШ-тың санкциялары мен қысымдарына  ешқашан мойынсұнбайды

Қасиетті қорғаныс кезеңінің туындыларын сақтау мен құндылықтарын жариялау қорының директоры: "АҚШ-тың қоқан-лоққы жасап, үрей тудырып, санкциялар жариялауы исламдық Иранның күш-қуаты мен дұшпандардың ислам республикасы халқының ерік-жігері мен жүйесінің алдындағы қауқарсыздығын көрсетіп отыр. Біздің халқымыз бұл қысымдарға ешқашан мойынсұнбайды",- деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бригада генералы Баһман Каргар жексенбі күні кешке Иранның батысындағы Меһран қаласын Ирактың бұрынғы диктаторы Саддам басқарған БААС режимінен азат етудің жылдығына орай өткен рәсімде: "АҚШ пен қолдаушыларының Иранға қарсы қысымдары мен қастандықтарының мақсаты халық пен жауапты тұлғалар мен қарулы күштердің арасына жік салып, асығыс әрі қате шешімдер қабылдауы үшін үкіметті сергелдеңге салу болып табылады",- деді.

Сардар Каргар тынышсыз Таяу Шығыс аймағында исламдық Иранның қауіпсіздік пен тұрақтылық және күш-қуатқа ие екендігін баяндап: "Дұшпанның ДАИШ лаңкестік тобын құрудағы негізгі мақсаты Иранның көзін жою болды. Алайда Ислам республикасының қырағылығы мен ерікті күштерінің жанпидалық мәдениеттен үлгі алуының арқасында қастандықтар бейтараптандырылды",- деді.