Аятолла Джаннати: Йемен халқын қыруды қолдауы – америкалық "адам құқығының" белгісі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i38156-Аятолла_Джаннати_Йемен_халқын_қыруды_қолдауы_америкалық_адам_құқығының_белгісі
Иран Конституциясы Сақшылар кеңесінің хатшысы Американың әл-Сауд режимінің Йеменнің қорғансыз, мазлұм халқын қыруына қолдау көрсетуін америкалықтардың "адам құқығының" белгісі деп атады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 04, 2018 18:06 Asia/Almaty
  • Аятолла Джаннати: Йемен халқын қыруды қолдауы – америкалық

Иран Конституциясы Сақшылар кеңесінің хатшысы Американың әл-Сауд режимінің Йеменнің қорғансыз, мазлұм халқын қыруына қолдау көрсетуін америкалықтардың "адам құқығының" белгісі деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің мәліметі бойынша аятолла Ахмад Джаннати сәрсенбі күні Сақшылар кеңесінің отырысында Йеменнің мазлұм халқының үйлену тойын қылмыскер әл-Сауд режимінің бомбалауына тоқталып: «Йеменнің қорғансыз, аш, мазлұм халқына қарсы қылмыстардың қайталануы адам құқығы туралы уәж айтатындардың ауыр үнсіздігінің аясында жүзеге асырылып жатыр» деді.

Иран Конституциясы Сақшылар кеңесінің хатшысы әл-Сауд қылмыскер режимінің йемендіктерді қасақана нысанаға алып, халықты қанға бөктіріп жатқанын қуаттап: «Йемен халқының қарсыласуы дұшпандарды сәтсіздікке ұшыратты. Бұл қарсыласу – мадақтауға лайық» деді.